Оқылым бөлігі
Sign in to Google to save your progress. Learn more
Аты-жөні *
1-мәтін
Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың  күнделікті еңбек үдерісіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл-бимен бейнелеу көне дәуірде туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің  молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс  елдерінде, Грекия, Рим, Мысыр, Үндістан елдерінде билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би  музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады. Би хореографиялық жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жандүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи-географиялық факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореографиялық  тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна билері қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық билері, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы  және қол қимылы секілді дәстүрлі шаралармен ерекшеленеді.
Би – қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары,  тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді. 1934 жылы Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері, Орта Азия және Қазақстан халықтары билері мен классикалық билердің стильдік қимыл-әдістері қолданылды. 1930-1940 жылдары Алматыда болған халық шығармашылығының бүкілқазақстандық   слеттерінде көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды.
XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап балетмейстрлер қазақтың фольклорлық   билерін, оның нағыз ұлттық қимыл ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген  фольклорлық билер алғашқы сахналық билермен бірге, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды. Оларды  классикалық би ансамблі, ән-би ансамблі, «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблі, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі орындады. Сондай-ақ би өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кеңінен орын алды.  XX ғасырдың алпысыншы жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның шығу тегі ғылыми тұрғыда зерттелді. Солардың негізінде хореографтар жаңа  шығармалар тудырып, ұлттық би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты. Кәсіби бишілерді Алматы жоғары би өнері мектебі даярлайды.
1-мәтін бойынша  тест  тапсырмалары:
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. *
1 point
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. *
1 point
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Қандай би түрі бет пішінінің құбылуымен ерекшеленеді? *
1 point
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. *
1 point
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз. *
1 point
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз. *
1 point
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз. *
1 point
Автордың  пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз. *
1 point
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз. *
1 point
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз. *
1 point
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз. *
1 point
Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) қашан құрылды? *
1 point
Next
Clear form
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google. Report Abuse - Terms of Service - Privacy Policy