Аршалы ауданы қазақ тілі Т2 

8 сынып 1 нұсқа

Sign in to Google to save your progress. Learn more
Аршалы ауданы
Тізімнен мектепті таңдаңыз *
Оқушының аты-жөні *

Мәтінді мұқият оқып,берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

   «Атаның ақылы»

            Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі. Бес жасар Бекжан атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:- Ата, шөлдедім, - деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де: - Шөліңді қандыр, жарығым, -деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да: - Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де: - Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, - деп  ескертті. Бекжан атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да: - Ата, шоколад жегім келеді, – деп күлімдеді. - Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек. - Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды. - Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың, – деп атасы ақыл айтты. - Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды. Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды. 

  Оқиға қай кезде болды?
*
1 point
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
*
1 point

Мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтаңыз (мәтін кімдерге   арналған?)

*
1 point
Атасының мінезі қандай?
*
1 point
Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз
*
1 point

Мәтінге қай тақырып сай келеді? 

*
1 point

Мәтін қандай стильде жазылған?

*
1 point

«Қанағат» сөзіне мәндес сөз қатарын анықтаңыз

*
1 point

«Қанағат» сөзіне синоним қатарын анықтаңыз 

*
1 point
Баланың көзі қандай?

*
1 point
Submit
Clear form
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google. Report Abuse - Terms of Service - Privacy Policy