"Үздіктер" жобасы

Біз тіркеуді бастаймыз!

Бұл жобаның негізі мақсаттары:
1) Информатика пәні мен спорттық программалауды дәріптеу;
2) Ұстаздар мен оқушыларға олимпиадалық есептерді шығаруды үйрету, менторлық жасап, жақсы шәкірттерді көптеп дайындау!
3) Қазақ тілді аудиторияның IT біліктілігін арттыру, еліміздің ілгері дамуына ат салысып, қазағымның білімін көтеру!
4) Әр қазағым - жалғызым!

Осы "Үздіктер" жобасы жайында кішігірім көрсеткіштер мен мақтаныштарымызға
арнайы тоқталып өтсек!

2022 жыл - "ҮЗДІКТЕР 1.0":
- Жалпы тіркелген оқушылар: 75 (6-11 сынып)
- Іріктелуден (2-айлық) өткендер: 10-оқушы
- Негізгі кезеңде соңына дейін болғандар: 5-еу

Жетістіктері
- Аудандық: 1-орын (5-еуі де)
- Облыстық: 1-орын (2), 2-орын (1), 3-орын (2)
- Респаға жолдама: 1-оқушы:
1) Нұрдәулет Әлдибек (9-кл. - Түркістан обл.)

2023 жыл - "ҮЗДІКТЕР 2.0":
- Жалпы тіркелгендер саны: 994 (536 оқушы мен 458 ұстаз)
- Іріктелуден (3-айлық) өткендер: 72 (43 оқушы мен 29 ұстаз)
- Негізгі кезең: 65 (32 оқушы, 4 студент (AITU - 3, KBTU - 1) пен 29 ұстаз)

Жетістіктері
а) жалпы пәндер олимпиадасы:
- Аудандық: 1-орын (12), 2-орын (5), 3-орын (2)
- Облыстық: 1-орын (3), 2-орын (4), 3-орын (4), МҚ (1)
- Респаға жолдама: 4-оқушы: 
1) Әділхан Керімше (11-кл. - Түркістан обл.)
2) Нұрдәулет Әлдибек (10-кл. - Түркістан обл.)
3) Абдулазиз Ахмаджанов (9-кл. - Түркістан обл.)
4) Құдайберді Зайниев (10-кл. - Түркістан обл.) - Ауыл респасы үшін

b) ауыл мектептері олимпиадасы:
- Облыстық: 1-орын (7)
- Респаға жолдама: 5-оқушы (Түркістан обл. (4), Алматы обл. (1))
Республикалық нәтижесі:
1) Нұрдәулет Әлдибек (10-кл. - Түркістан обл.) - 1-орын (Абс. 1)
2) Құдайберді Зайниев (10-кл. - Түркістан обл.) - 1-орын (Абс. 3)
3) Мерей Бақытжан (11-кл. - Алматы обл.) - 2-орын -> Грант ұтты!
4) Нұрислам Әлдибек (9-кл. - Түркістан обл.) - 2-орын
5) Елмұрат Серікбай (9-кл. - Түркістан обл.) - 2-орын

2023 жыл - "ҮЗДІК ҰСТАЗДАР 1.0":
Облыстық ұстаздар олимпиадасы - "Үздік IT ұстаз" турнирі
- Айлық жүлдегерлер, әрі жылдық финалисттер:
1) Сәуір айы: Умархужаев Азизхан - 3-орын (Сайрам)
2) Мамыр айы: Агибаева Карлыгаш - 2-орын (Сарыағаш)
3) Мамыр айы: Азамханов Сухраб - 3-орын (Сайрам)
4) Мамыр айы: Бекеева Гульжамал - 3-орын (Сауран)
5) Қараша айы: Кузенова Шолпан - 2-орын (Түркістан)
- Әр ай іріктеу кезеңнен өтіп, айлық қорытындығы жеткен Үздік 7-Ұстаздарымызда бар.

Жалпы алғанда, соңғы 2-жылда Түркістан облысының жалпы пәндер информатика бойынша орта баллдық есепте көтерілді. Ал алғаш ұйымдастырылған Ауыл олимпиадасы бойынша Түркістан облысы топ бастап тұр. Сол үшін де бізде мақтанышпен айта аламыз, осы жобаның арқасында бір облыстың көрсеткіші әсер етіле бастады.

Сол үшін де биыл да оқушылар мен ұстаздарға да жобаны жалғастыруды жөн көрдік: 

- “Үздіктер 3.0” - (6-12 сынып оқушылар үшін) 
- “Үздік Ұстаздар 2.0” - (жалпы мектеп мұғалімдері үшін)
- “Үздік Juniors (Жасөспірімдер)” - (тек 6-8 сыныптар үшін) - қысқа мерзім (4-ай бойы)

(Қысқа мерзімге түсініктеме: жасөспірімдер олимпиадасы бөлек уақытта болғандықтан, солар үшін арнайы топ құрып, қысқа мерзімде 6-8 сынып оқушыларын ТЕГІН дайындауға бел будық. Ал кейін соңғы Республикалық кезеңнен кейін (мамыр) қайта жалпы Үздіктер 3.0 бірге жүреді.)

Сонымен, биылға жобаның кезеңдері:
1) Тіркелу кезеңі (1.5-ай бойы - қаңтар-ақпан);
2) Іріктеу кезеңі (4-ай бойы - наурыз-маусым);
                               (Ал, Үздік Juniors үшін ақпан-мамыр);
3) Сұқпаттасу кезеңі (1-ай бойы - шілде);
4) Негізгі кезең (жыл бойы).

Әр кезеңді ашып айтар болсақ:
- Тіркелу кезеңде, осы "тіркелу гугл-форманы" толық толтырып, аз да болсын python базасын біліп алу, яғни print-input, if-else, int-string, div-mod, for-while секілді элементарный терминдерді түсініп, шамалы болса да соларда код жаза алу деңгейге жетіп алу! (Әрине ол міндетті емес, бірақ іріктеу кезеңде қиналып қалмас үшін).

Іріктелу кезеңде, алдын өтілген  “Олимпиада 0-ден бастау” (20-сабақ) мен “Алгоритмдер” (17-сабақ)" деген ақылы болған курстарға тегін доступ беріліп, яғни әр апта сайын 1-2 сабақтан ашылып, соларда көрсетілген тапсырмаларды өз уақытында шығарып отыру. Себебі апта сайынғы минималды есептер саны (аптасына 7-10 есеп) шығарылмаған жағдайда, жобадан іріктеліп, шығарылып отырады. 

Сұқпаттасу кезеңде, толықтай 4-айдан шалынбай, іріктелген үміткерлермен жеке-жеке сұқпаттар болады. Алдыңғы сабақтардан, не ұқсас 3-4 есептер беріліп, 1-2 сағатта тапсырманы шығарып беру керек болады.  

Осы кезеңдерден өткен ұстаздардан/оқушылардан 1-минуттық өзін таныстыру видеосы сұралып, көпшілікпен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерге ілінетін болады. 
Содан кейін негізгі топта олармен тығыз жұмыстар басталады, яғни әрдайым олимпиадалық есептерді талдап отыру, жаңа тақырыптар өту, жаңа контесттер жазып отыру. 

Қарап отырсаңыздар, батсапқыда (осы 4 ай бойы) тек өздеріңіз жұмыс жасайсыздар, сабақтар көру, есептер шығару! 
Әрине, сол аралықта біздер әрдайым жандарыңыздан табылып, сұрақтарыңызға бірден жауап беріп, демеп отырамыз, менторларға да табыстайтын боламыз. 

Менторлықты - оқушыларға биылғы үздіктерден, ал ұстаздарға біздің үздік ұстаздар менторлық жасайтын болады (яғни қазіргі таңда өздері де олимпиадчиктер дайындап жүрген ұстаздар). 

Бұл жобының құны:
Айына 20000 теңге! 
(Төлем ресми заңды болғандықтан, біз сіздің Kaspi қосымшаңызға телефон номеріңіз арқылы төлейтін сомманы жібереміз. Kaspi қосымшаңызбен қашықтан төлеп, жобаға қосыла аласыз. Төлем тек іріктеу уақытында жүреді, және тек алғашқы 3-ай үшін ғана төлем болады.)
"Үздік Juniors" үшін ғана ТЕГІН!

PS. Атап өтетін жайт, алдын екі жыл бойы жобаға қатысу тегін болған, бірақ биылдан бастап кішігірім ақы қостық. Себебі тегін білім - бағасыз болып, көбі жолдан тастап жатты. Ал, егер сәл де болса қалтасына әсер етсе, онда міндетті түрде бар ынтасымен соңына дейін жеткізеді. Әрине, ол ақыға сай жобада жаңартулар міндетті болады. Мәселен жоба қатысушыларын ынталандыру мақсатында жетістіктері үшін арнайы футболка не сыйлықтар, жүйелік жаңартулар, сервер, вебсайт. Заңды жүреміз деп салықтан қашпай, салық мөлшерін де төлемге қосуды жөн көрдік.

Жоба тілі - қазақша;
Программалау тілі - python;
Есептер платформасы - acmp.ru мен informatics (Үздік Juniors);
Аралық бақылау контесттері - әр 2-апта сайын codeforces.com.

Жоба жетекшілері:
Ерғали ағай (Үздік Білім) мен Едіге ағай (IT Білім)

"Өз елімізді өзіміз көтермесек, бізге басқаның жаны ашуы екі талай!
Сол үшін оқушылар мен ұстаздардың білімін артыруды жөн көрдік!

Ал іске сәт! Алла жобамызды ұзағынан қылсын! Әмин! "

Дайындалуға сабақтар:

1) https://youtube.com/playlist?list=PLsmhhvHImNQE4MputUBU9GMUJYNkORBet&si=92xlobwuz4b64V3L
2) https://www.youtube.com/watch?v=o3cN2QJsIVw
3) https://youtu.be/dJQMboE0fW4 

PS. Ал енді мына форманы шынайы толтырсаңыз, ал біз бұл ақпараттың сыртқа шықпайтынына кепілдік береміз. Жиналған ақпарат тек өзіміз үшін ғана болады. 
Sign in to Google to save your progress. Learn more
Қай жоба үміткерсіз?
*
Толық аты-жөніңіз: *
Туған күн *
MM
/
DD
/
YYYY
электрондық пошта (gmail.com) *
тел нөміріңіз (whatsapp)
Телеграмм:
Мектеп/жұмыс орны *
Сыныбы/лауазымы *
Облыс: *
Next
Clear form
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google. Report Abuse - Terms of Service - Privacy Policy